8 мың отбасы баспаналы болды

8 мың отбасы баспаналы болды

8 мың отбасы баспаналы болды
ашық дереккөзі
Елімізде «7-20-25» бағдарламасы бойынша 8 мыңға жуық отбасы 92 млрд теңге қарыз алды. Бұл жайында Нұр-Сұлтандағы Үкімет отырысында Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді.  «Елбасы ұсынған Бес әлеуметтік бастаманы енгізу - халықты қолжетімді баспанамен қамтудың басты бағыты саналады. «7-20-25» бағдарламасы бойынша 7 936 отбасы 92 млрд теңгеге қарыз алды. Бағдарлама банктің ипотекалық портфелінің 24,8% - шамамен 1,4 трлн теңге өсімін қамтамасыз етті. Бағдарлама көрсеткішін жақсарту мақсатында биыл мамыр айында қарыз алушыларға бастапқы жарнаны баспана бағасының 20%-дан асатын сомада төлеу құқығы берілді. Бұл ай сайынғы төлем көлемін азайтуға және табысы аз азаматтарды қамтуға мүмкіндік берді. Банктерге қойылатын талапты төмендету арқылы қатысушы-банктер саны артты», - деді Ерболат Досаев.