Студенттерге арналған лекция

Студенттерге арналған лекция

Студенттерге арналған лекция
ашық дереккөзі
Алматы қаласы Алатау аудандық соты «Тұран» колледжінің 3-ші курс студенттеріне дәріс ұйымдастырды. Дәріс барысында Алатау аудандық сотының судьясы Талғат Макулов студенттерге мемлекеттік органдардың құрылымы және соттың мемлекет жүйесіндегі рөлі, соттарда қолданылатын жаңашылдықтар мен жаңа технологиялар туралы әңгімеледі. Оңтайлы сәтті пайдаланып, судья Т.Макулов студенттердің құқық бұзуының алдын алу бағытында түсінік жұмыстарын жүргізді. Сот жұмысын таныстырудың екінші кезеңі студенттердің сот ғимаратын аралау болып табылды. Мұнда оларға кеңсе жұмысы, сот мәжілістері өтетін залдар, сот процестерін жазылатын дыбыс және бейне аппараттары, сот талқылауы ашық және ыңғайлы түрде көрсетілді. Жастармен жұмыс жасап, болашақ заңгерлерге білімін жетілдіру, мамандықтан жаңылмау барысында Алатау аудандық соты студенттер мен жоғарғы сынып оқушылары арасында «дәріс», «ашық есік күндері» сияқты іс шараларды жиі өткізіліп тұрады. Өткізілген дәрістен соң сот тынысымен танысқан студенттер естелік суреттерге түсті.