31 Мамыр 2019, 16:57 574 0 Қауіпсіздік Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Граната сатпақ болған үш адам ұсталды

Алматы облысында граната сатпақ болған үш адам ұсталған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті 30 мамырда Алматы облысында жарылғаш заттарды сатпақ болған үш адамды ұстағанын хабарлады.

Мекеменің мәліметіне қарағанда, 28 мамырда граната сатпақ болған адамдар ұсталған. Олардан РГД-5 системасындағы сегіз жарылғыш зат табылған.

Бұл оқиға бойынша тергеу ісі жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар