Тель-Авивте Eurovision-2019 байқауы басталды

Тель-Авивте Eurovision-2019 байқауы басталды

Тель-Авивте Eurovision-2019 байқауы басталды
ашық дереккөзі
Тель-Авивте жексенбі күні халықаралық Eurovision- 2019 байқауы ашылды. Қала орталығындағы Габим театры маңындағы алаңдағы "қызыл жолақтан" байқауға қатысушылар мен қонақтар өтті. Байқаудың жартылай финалы 14-16 мамырда, финалы 18 мамырда Көрме орталығында өтеді. Бұл байқауға Ресейден белгілі әнші Сергей Лазарев Scream әнімен қатысады. Израильдің телеарналары байқау өтетін қалада қауіпсіздік шаралары барынша қамтамасыз етілгенін хабарлап жатыр. Байқау алаңын 20 мың полиция қызметкері күзететін болады.