25 Сәуір 2019, 12:30 730 0 Сыртқы саясат "Түркістан" газетінің авторлары

ВИКТОР ОРБАН НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫ МАЖАРСТАНҒА ШАҚЫРДЫ

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мажарстанның Премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Мажарстан арасындағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

– Сіз біздің елге өте ерекше кезеңде келіп отырсыз. Қазақстанның Мажарстанға және Өзіңізге деген ілтипаты зор. Сіз – өзіндік ұстанымыңыз бар Еуропа саясаткерісіз, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Виктор Орбан тыныштық пен тұрақтылық жағдайында жүзеге асырылған Қазақстандағы билік сабақтастығына жоғары баға берді.

– Сіз осындай күрделі үдерісті тұрақтылық жағдайында іске асырдыңыз. Мұны жүзеге асыру оңай емес. Адамдар үшін тұрақтылықтың маңызы зор. Соның арқасында халықтың әл-ауқаты арта түседі. Сондықтан мен Сізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Біз Сізді Мажарстанның нағыз досы санаймыз. Біздің елге шақыруымды қабыл алсаңыз, біз үшін зор мәртебе болар еді, – деді Мажарстанның Премьер-министрі.

«Түркістан-ақпарат»

Соңғы жаңалықтар