26 Наурыз 2019, 11:32 907 0 Қоғам Назым Тойлыбаева

Әсет Исекешев жаңа қызметке тағайындалды

Әсет Исекешев жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Шешімімен Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының Атқарушы директоры болып тағайындалды», - делінген Жарлықта.

Еске салайық, бұған дейін Әсет Исекешевтің Президент Әкімшілігінің жетекшісі қызметінен босатылып, оның орнына Бақытжан Сағынтаевтың келгені хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар