Қалдықтар қауіпсіз болмақ

Қалдықтар қауіпсіз болмақ

Қалдықтар қауіпсіз болмақ
ашық дереккөзі
«Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы еліміздегі экологиялық қауіпсіздікті жаңа технология арқылы қадағалауды қолға алды. 2002 жылдан бері бірқатар жетістіктерге қол жеткізген ғылыми-зерттеу орталығының тың әдісін ресейлік мамандар да өз тәжірибесінде қолданып, отандық ғалымдардың еңбегін жоғары бағалап отыр. Орталық мамандарының айтуынша, бұрын ғарыш айлағындағы гептил қалдығын залалсыздандыру жұмыстары бірнеше жылға жалғасатын. Ал қазір экологиялық аумақты бір жыл ішінде қайтадан шекті деңгейге жеткізуге мүмкіндік бар. «Бірнеше жылдар бойы гептилдің қалдықтарын залалсыздандыру үшін 4-5 жылдай күрестік. Ал жасаған жаңа технологияны пайдаланып, бір жылдың ішінде гептилдің мөлшерін шектеулі концентрация деңгейіне дейін төмендеттік», – дейді «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» РМК Бас директорының орынбасары Алма Бимағанбетова. Байқоңыр мен Жезқазған қаласындағы ғылыми зерттеу орталықтары ауадағы, судағы, өсімдіктегі және топырақтағы қауіпті химиялық қалдықтардың мөлшерін анықтауға арналған. Ал Алматы қаласында орналасқан зерттеу орталығы ғарыш кемелерінен бөлінетін қалдықтарды зарарсыздандырып, экологияны қалпына келтіруді терең зерттейді. «Ғарыш-Экология» ғылыми зерттеу орталығы құрылғалы бері Байқоңыр ғарыш айлағынан 158 зымыран ұшыру жұмысына қатысып, экологиялық жағдайды жіті бақылауда.