Алматының кей көшелерінде қозғалыс бағыты өзгерді  

Алматының кей көшелерінде қозғалыс бағыты өзгерді  

Алматының кей көшелерінде қозғалыс бағыты өзгерді   
ашық дереккөзі
Алматының орталығындағы бірқатар көшелерде көлік қозғалысының бағыттары өзгерді. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, жексенбіден бастап Мақатаев көшесінің Қалдаяқов және Мұқанов көшелері арасындағы бөлігінде батыс бағытқа қарай біржақты қозғалыс енгізілген. Кері бағытта қала ішінде жолаушы тасымалдайтын автобустар үшін арнайы жолақ бөлінген. Бұған дейін шілде айында Жамбыл және Бөгенбай көшелерінде біржақты қозғалыс тәртібі енгізілген болатын. Тамыздың 5-іне дейін Гоголь, Қабанбай батыр, Қарасай батыр, Шәріпов және Мұратбаев көшелерінде көлік қозғалысының бағыттары өзгертілмек. Қала әкімдігі бұл өзгерістер Алматының орталығындағы көлік кептелісі мен жол-көлік апатын азайту және қозғалыс қауiпсiздiгiн арттыру мақсатында жасалып отыр деп түсіндірген. Биліктің дерегінше, өткен жылы осындай біржақты қозғалыс тәртібіне көшірілгеннен кейін Құрманғазы көшесінде жол-көлік оқиғалары 41 пайызға, ал Шевченко көшесінде 4 есеге жуық азайған. Біржақты қозғалыс тәртібі енгізілген көшелерде автокөліктерге сағатына 40 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі. Мұның себебін жергілікті билік өкілдері «статистика бойынша, сағатына 40 шақырым жылдамдықпен келе жатқан көлік қаққан адамдардың 80 пайыздан астам тірі қалады, ал сағатына 60 шақырым жылдамдықпен келіп соққан адамдардың әрбір үшіншісі ғана тірі қалуы мүмкін» деп түсіндіреді. Қазақстан ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің биылғы маусым айының басындағы мәліметінше, Алматы қаласында 460 мыңға жуық жеңіл автокөлік тіркелген,