29 Қаңтар 2009, 05:45 1924 0 Жаңалықтар "Түркістан" газетінің авторлары

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ҚАЛАЙ ЖЕҢУГЕ БОЛАДЫ?

Бүгiнде сыбайлас жемқорлықпен күрес Iшкi iстер органдарының негiзгi мәселелерi болып табылатын экстремизм, терроризм актiлерiн, ұйымдасқан қылмысты, есiрткi арналарын алдын алу мен жолын кесу қатарына енгiзiлдi. Сыбайлас жемқорлықпен күресуге болады және күресу қажет, өйткенi ол – бiздiң мемлекетiмiз бен қоғамды бүлдiретiн iндет.

Менiңше, жемқорлық өте күрделi құбылыс болғандықтан, онымен күрестегi барлық шаралар тиiмдi. Әрине, заңнаманы жетiлдiру қажет, десек те қазiргi құқықтық база сыбайлас жемқорлықты алдын алуға, сыбайлас жемқорлықпен және қызметiн пайдаланушы лауазымды тұлғалармен нәтижелi күрес жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Ең бастысы – барлық жүйенiң жұмысы, қоғамның ашықтығы, азаматтық және БАҚ билiктерiнiң барлық салаларын бақылау. Екiншi жағынан, ақшасы бопсаланған азаматтардың бұл жайында құқық қорғау органдарына хабар бермейтiн әлсiз тұстарын атап айтуға болады. Бүгiнгi күнге дейiн IIД-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарының тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған Iшкi iстер органдарының жедел-қызметтiк жұмысын (әртүрлi жедел-алдын алу операцияларын, арнайы рейдтердi, қоғамның қатысуымен тексерулердi, азаматтардың арыздарына қатысты қоғамдық кеңестiң белсендi жұмысын, адал қызметкерлердi моральдық және материалдық жағынан көтерудi ұйымдастыру, полиция қызметiнiң ашықтығы мен мөлдiрлiгiн орнату) ұйымдастыру мен үйлестiрудiң жаңа жүйесi қалыптасты.

Бiзбенен азаматтардың арыздарын қарау тәртiбi жүзеге асырылады, сондай-ақ департаменттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының азаматтарды қабылдауы ұдайы түрде ұйымдастырылған. Осылайша, өткен жылы шамамен бес мыңға жуық азаматтарды қабылдау өткiзiлдi, менiң жеке өзiммен ұйымдастырылғаны – 503. Аудандық жерлерге барып азаматтарды қабылдау тәжiрибесi енгiзiлiп, әртүрлi деңгейдегi 90 басшы халық алдында есеп бердi. Азаматтардың құқықтық бiлiмi мен мәдениетiн, полицейлердiң беделiн арттыру мақсатында өткен жылы БАҚ-на төрт мыңнан астам материал әзiрленген.

Мүмкiн болатын құқық бұзушылықтарға уақытылы шаралар қабылдауға ерекше назар аударамын. Осылайша, үш басқарма қызметкерлерi (өзiндiк қауiпсiздiк, жол полициясы мен тәрбие және кадр жұмысы басқармасы) бiрлескен түрде жол қозғалысына рұқсат етiлмеген бақылауды анықтау мен жолын кесу, полицейлер тарапынан бопсалау, сыбайлас жемқорлық, заңдылықты бұзу, тәртiп сақшыларының қызметтiк-әскери тәртiптi бұзу деректерiн анықтау мен болдырмау бойынша 129 мақсатты рейдтiк тексерiстер жүргiзiлдi. Жедел-алдын алу iс-шарасы барысында жол қозғалысына рұқсат етiлмеген бақылаудың 7 дерегi, IIО қызметкерлерiнiң ЖҚЕ бұзу бойынша 88 дерегi анықталды, соның iшiнде 14-i МКҚБ ММ қызметкерлерiмен болған. Көлiктi мас күйiнде жүргiзген он қызметкердiң алтауы (Т.Жапарқұлов, Т.Iзбасаров, Б.Жанiбеков, Д.Қадыров, Б.Сырғалиев, К.Есiмов) IIО-нан шығарылды. Д.Саламатов арнайы атағынан төмендетiлсе, С.Нарқұлов атқарып отырған лауазымынан босатылған және т.б. Өткен жылы полицейлерге пара берудiң алты дерегi анықталды (төртеуi – жол полициясы инспекторларына, қалғандары – анықтаушы мен тергеушiге), оның екi дерегi бойынша қылмыстық iс қозғалған. Қызмет орнында алкогольдiк iшiмдiк жағдайында болған кәмелетке жасы толмағандар iсi жөнiндегi инспектор полиция капитаны Д.Iзтiлеуов пен учаскелiк полиция инспекторы полиция майоры Б.Исабеков, сонымен қатар автокөлiктi мас күйiнде жүргiзген МКҚБ ММ-нiң взвод командирi лейтенант К.Есiмов IIО-нан шығарылды. 2007 жылғы кезектi кiрiс декларациясын тапсыруда толық мәлiметтi (зейнетақы қоры) ұсынбағаны үшiн 19 полицейге сыбайлас құқық бұзушылық айыбы тағылған. Жеке құрам арасында алдын алу жұмыстары жүргiзiлiп жатқанымен, арыз-шағымдардың басым бөлiгi бұрынғысынша учаскелiк полиция инспекторларының, криминалдық, жол, көшi-қон және патрульдiк полиция қызметкерлерiнiң заңсыз әрекеттерiне қатысты түсiп жатыр. Халықтардың арыз-шағымдары – бiздiң жұмысымыздың сапа көрсеткiшi.

2008 жылы ӨҚБ-на келiп түскен азаматтардың 426 арыз-шағымы бойынша қызметтiк тексерiстер жүргiзiлiп, оның жартысына жуығы өз дәлелiн таппады. ӨҚБ материалдары бойынша 64 қызметкер тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылды (әкiмшiлiк қызметтен 14 адам, оның 11-i IIО-нан шығарылса, ал үшеуi атқарып отырған лауазымдарынан босатылған; криминалдық полициядан – 10 қызметкер, оның iшiнде жұмыстан шығарылғаны – үшеу; тергеу бөлiмшелерiнен – сегiз адам, соның iшiнде үшеуi жұмыстан шығарылған; көшi-қон полициясынан төртеуi жазаға тартылса, оның екеуi IIО-нан шығарылған).

Горнизонның жеке құрамы арасындағы қылмыстылықты және құқық бұзушылықты ескерту мен жолын кесуге бағытталған алдын алу жұмыстарының жандандырылуы нәтижесiнде заң бұзушылықтың төмендегенi байқалады. Өзiндiк қауiпсiздiк басқармасы IIД-нiң тәртiптiк комиссиясымен бiрлесе отырып 25 отырыс жүргiздi, мұнда 56 полицейге қатысты материал қаралды. Олардың қорытындысы бойынша 21 қызметкер IIО-нан шығарылып, 11-i атқарып отырған лауазымдарынан босатылды, 26 полицейге қызметiне толық сәйкес келмеуi туралы ескерту жасалса, 9-ы арнаулы атағынан бiр саты төмендетiлген.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестiң келешегi қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарастың өзгергендiгiн, құқық қорғау органдары қызметiндегi осы тұрғыдағы белгiлi бiр жетiстiктердiң орнағанын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлi қоғамдық ұйымдар мен бiрлестiктер қызметiнiң жандана түскендiгiн растайды. Мемлекеттiк емес құрылымдар тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеттерiн ұйымдастырудағы өзiндiк көзқарастарына қарамастан, Iшкi iстер органы олардың қызметiне дұрыс қарап, қоғам мен мемлекет мүддесi үшiн әрiптестiкке дайын.

Бүгiнде сыбайлас жемқорлық – елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайына жағымсыз әсер ететiн негiзгi фактор, сонымен қатар мемлекетiмiздiң экономикалық және саяси дамуының тежеуiшi болып табылады. Менiңше, осы құбылысқа қарсы әрекет ету негiзгi үш бағыт бойынша жүзеге асуы қажет: сыбайлас сипаттағы себептердi жою бойынша мемлекеттiк органдардың қызметi – соңғы жылдары осы бағытта маңызды да тиiмдi шешiмдер қабылданды; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясындағы құқық қорғау органдарының жедел-қызмет жұмыстары нәтижесiн арттыру; сыбайлас жемқорлықты жою бойынша азаматтар мен қоғамдық институттардың әрекеттерiн жандандыру.

Бiз елдiң қолдауынсыз пара алушылықпен және сыбайлас жемқорлықтың басқа да құбылыстарымен күресуде нәтижелi жетiстiктерге жете алмайтындығымызды сөзсiз мойындаймыз. Азаматтар құқық қорғау органдарына шағымдануға күмәнданатын болса, ал қоғамның бiр бөлiгi мәселенi құқықтық жолмен емес, пара берiп шешу оңай деп санаса, жекелеген басшылардың құзiретiне сенбей, олардан жасқануды тоқтатпаса, жағдайды түп тамырына дейiн өзгерту оңайға соқпасы анық.

Бiрiншi дәрежелi және ең қарапайым шаралар ретiнде сыбайлас жемқорлық әрекеттерiне қатысушыларға аймақта ашық сот процесiн бастауды ұсынамын. Бұл жағдайды түзету үшiн бiздiң санамыз бен болмысымызды өзгерту қажет. Бiз БАҚ өкiлдерiн қатыстыра отырып, ашық офицерлер жиналысын, қоғамдық кеңес отырыстарын өткiзудi тәжiрибеге енгiзудемiз.

Бiз барша қоғам болып күрескенде ғана сыбайлас жемқорлық жойылады. Пара алмауды үйретудiң басты тәсiлi – параны ешкiмге бермеу. Осыдан бiрер күн бұрын Тараз қаласындағы орталық базар маңында менiң нұсқауым бойынша IIД ӨҚБ қызметкерлерi хаттама толтырмау үшiн 10 мың теңге пара талап еткен жол полициясының жас инспекторын ұстады. Ол бүгiнде тергеу изоляторында қамауға алынған. Менiң сыбайлас жемқорлықты жоюға негiзделген бағытым мен қатаң ұстанымым – бiр реттiк акция емес. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атап өткенiндей, заңсыздықпен және сыбайлас жемқорлықпен күрес елiмiздi жаңғырту жоспарының тұтастай бөлiгi болып табылады.

Мейiрхан САҒЫНБЕКҰЛЫ Жаманбаев

Соңғы жаңалықтар