БИЛIКТЕГI АУЫС-ТYЙIСТЕР...

БИЛIКТЕГI АУЫС-ТYЙIСТЕР...

БИЛIКТЕГI АУЫС-ТYЙIСТЕР...
ашық дереккөзі

Осы аптада Елбасының Жарлығымен билiкте бiрнеше ауыс-түйiс болды. Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк кеңесiнiң хатшысы — Президенттiң көмекшiсi қызметiн атқарған Берiк Мәжитұлы Имашев Сенат депутаттығына тағайындалды. Оның орнына бұған дейiн Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскер қолбасы қызметiн атқарған Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов келдi. Ал, Бейбiт Өксiкбайұлы Исабаев президенттiң баспасөз-хатшысы ретiнде тағайындалды. Бұған дейiн президенттiң баспасөз-хатшысы қызметiн атқарып келген Ерлан Сапарұлы Байжанов "Арна-Медиа" холдингiнiң басқарма төрағалығына барды.

Имантаев Ермек Жетпiсбайұлы республикалық бюджеттiң орындалуын бақылайтын Есеп комитетiнiң мүшесiне тағайындалды.

"Самұрық" холдинг" АҚ басқарма төрағасы Қанат Бозымбаев холдинг ұжымына басқарушы директор ретiнде Бауыржан Амангелдiұлы Баймұқановты таныстырды.

Президент әкiмшiлiгi басшысының орынбасары Мәулен Әшiмбаев пен Мәдениет және ақпарат министрi Мұхтар Құл-Мұхаммед мемлекеттiк БАҚ басшыларына "Арна-Медиа" холдингiнiң басқарма төрағасын таныстырды. Министр Ерлан Байжановтың даңқ тұғырына көтерiлу жолын айта отырып, оның бұл iстi алға жылжытатындығына тоқталды. Ерлан Байжанов қызметiн қатардағы журналистен бастап, министрдiң орынбасары, мемлекет басшының баспасөз-хатшысы дәрежесiне көтерiлген.

2008 жылдың 3-шiлдесiнде Үкiметтiң №668 Қаулысы бойынша "Арна-Медиа" ұлттық ақпараттық холдинг құрылған болатын. Оның құрамына "Қазақстан" республикалық телерадио корпорациясы" АҚ; "Хабар" агенттiгi" АҚ, "Егемен Қазақстан" республикалық газетi" АҚ, "Казахстанская правда" республикалық газетi" АҚ, "Қазақ ақпарат агенттiгi" ұлттық компаниясы" АҚ, "Қазақстан телекоммуникациялары" (КАТЕЛКО) АҚ, "Қазтелерадио" АҚ, "Жас өркен" ЖШС-i, "Қазақ газеттерi" ЖШС-i секiлдi ақпарат құралдары енгiзiлдi. Ақпарат құралдарының мемлекеттiк монополияға айналуына мүмкiндiк беретiн, бiр орталықтан басқарылатын мұндай құрылымдардың мемлекеттiк БАҚ-тың дамуына тежеушi күш болатындығын айтады сарапшылар. Қалай дегенмен де, оның жаңа басшысы тағайындалды. Қазақ баспасөзi мен тәуелсiз ақпаратына оның не беретiнiн уақыт көрсетедi.