ЕХРО-ға дейін Астана қаласы масалардан тазаратын болды

ЕХРО-ға дейін Астана қаласы масалардан тазаратын болды

ЕХРО-ға дейін Астана қаласы масалардан тазаратын болды
ашық дереккөзі

Елорда масалардан тазаратын болды. Астана қаласы тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Федор Пеев: «Жұмыстың осы түрлеріне қосымша қаражат қарастыру үшін, смета жасап, алдын ала есебін шығарып қойдық. ЭКСПО халықаралық көрмесі қарсаңында елордадада бірде-бір маса қалмайды»,-деп уәде беріп отыр. Оның сөзіне сенсек, коммуналдық шаруашылық басқармасы биыл шыбын-шіркейге қарсы күресті артырған. Оған қоса, санитарлық эпидемиологтар барынша көмек көрсетіп жатыр.

«Бұл өте маңызды. Себебі шетелдік делегация өздерінің бұқаралық ақпарат беттерінде Астанада маса көп деп жазса, бұл біздің тарапымыздан дұрыс болмайды, әрі имиджімізге нұқсан келеді. Мерекелік шаралар тек ЭКСПО алаңында өтпейді. Түрлі көрмелер ашық аспан астында, саяжайларда да ұйымдастырылатынын ескерсек, бұл сұрақты да назардан тыс қалдырмауымыз керек. Мүмкін, қалалық әкімдік биоәжетханаларды сатып алуға үлесін қосар. Сондай-ақ, Ресей тәжірибесі бойынша да стационарлы әжетханаларды орнатуға болады»,-дейді Ф. Пеев.   Астана имиджіне нұқсан келтіретін тағы бір мәселе - әжетханалардың жетіспеуі екен. Бүгінгі таңда елордада бар болғаны 200-дей ғана биоәжетхана бар  көрінеді. 2017 жылға дейін аталған ірілі-ұсақты мәселелермен күрес шарасы толықтай аяқталады деп сендіреді мекеме басшылығы.