25 Ақпан 2018, 10:45 3594 0 Қауіпсіздік Анар ЛЕПЕСОВА

Ресейде 3 қазақстандықтың денесі табылды

Ресейдің Мәскеу облысында жүк көлігінен Қазақстанның 3 азаматының денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамдар газдан уланып қайтыс болған. Бұл туралы Интерфакс басылымы хабарлады. 

Марқұмдардың денесі Мәскеу облысы Чехов ауданынан табылған. Мәскеу облысы ІІД НТВ арнасына хабарлауынша, ер адамдардың ауылға 24 ақпан күні келгені және жүк көлігін қойма аумағына қойғаны алдын ала анықталды.

Ведомствода мәлімденгендей, қазақстандық ер адамдар газдан уланып көз жұмуы мүмкін. Себебі олардың жанынан газ жанарғысы мен спиртті ішімдік шөлмектері табылыпты.

Сондай-ақ, ер адамдардың денелерінен зорлық-зомбылық белгісі табылған жоқ.

Көз жұмғандардың бірінің тұлғасы анықталған. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар