WhatsApp ең ыңғайлы жүйені іске қосады

WhatsApp ең ыңғайлы жүйені іске қосады

WhatsApp ең ыңғайлы жүйені іске қосады
ашық дереккөзі
WhatsApp ең ыңғайлы жүйені іске қосады. Әлемдегі ең танымал мессенджердің құрастырушылары жаңа жүйені сынақтан өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Hi-Tech Mail.Ru.  Құрастырушылар дыбыстық хабарламаларды өзгертіп жатыр, олардың айтуынша, бұл бұрынғыдан әлдеқайда өзгеше болады екен.  Рush-to-talk дыбыстық хабарламасы 2013 жылы іске қосылған болатын. Содан кейін ол аса бір өзгеріске ұшыраған емес. Ендігіде бұл жүйеде күрделі өзгерістер болатын секілді.  Қолданушы дыбыстық хабарлама жіберуді қолдана бастағанда WhatsApp микрофонның орнына өздігінен шығып тұратын интерфейс болады. Жарты секундқа жетпей, қолданушы тоқтаусыз дыбыс жазуға мүмкіндік алады, яғни саусақпен басып тұрудың қажеті болмайды.  Сонымен қатар, осыған дейінгі жазған хабарламаларыңызды көріп отыруға мүмкіндік болады.  Жаңа жүйені қалай қолдану керектігі WABetaInfo сайтында пайда болды.