Киевте саяси реформа үшін акциясы аяқталды

Киевте саяси реформа үшін акциясы аяқталды

Киевте саяси реформа үшін акциясы аяқталды
ашық дереккөзі
Киевте саяси реформа үшін акциясы аяқталды. Украинаның Жоғарғы Радасы 19 қазанда депутаттық қол сұғылмаушылықты алып тастауды қарайды. Бұл саяси реформа жасауды сұраған демонстранттардың басты талабы болатын. Бұл акция Киевтің 10 ірі қаласында өтті. Киевте парламент ғимараты жанында болған қақтығыста төрт адам зардап шеккен. Оның ішінде полиция қызметкері де бар. Акцияға шыққандар үш талап қойды: сайлау реформасы (парламентте сайлауды пропорционалды жүйе бойынша өткізу), депутаттық қол сұғылмаушылықты алып тастау және Антикоррупциялық сот құру. Ұйымдастырушылар қала көшелерінен бейбіт түрде өткенін айтады. Алайда алаңда қойылған шатырлардың талаптары орындалғанша тұра беретінін мәлімдеді. Алаңға шыққандардың саны туралы мәлімет әртүрлі: екі мыңнан төрт мыңға дейін. Олардың ішінде Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили, Свобода, Демократиялық альянс, Ұлттық корпус секілді партияның мүшелері бар.