Қызылордада Қалтай Мұхамеджановтың жеке кітапханасы ашылды

Қызылордада Қалтай Мұхамеджановтың жеке кітапханасы ашылды

Қызылордада Қалтай Мұхамеджановтың жеке кітапханасы ашылды
ашық дереккөзі

Қызылордада мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні мерекесіне орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханадан Қазақстанның халық жазушысы, аудармашы, драматург Қалтай Мұхамеджановтың жеке кітапханасы ашылды.

Халық жазушысының жеке кітапханасын ашуға зиялы қауым өкілдері мен бірге облыс әкімі Қ.Көшербаевт қатысты. "Қалтай ағаның өмірден озғанына да 14-15 жылдың жүзі болды. Артында бай әдеби мұрасы мен драмалық шығармаларын, публицистикалық еңбектері мен бірқатар аудармаларын қалдырған. Келешекте бұл кітапхананың халық игілігіне қызмет ететін мәдени орталыққа айналатынына, оқырмандарының жүрегіне жол табатынын білім ордасына айналарына сеніміміз мол", - деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.

Жазушының жеке кітапханасындағы 8 мыңға жуық кітаптары, көп жылдар пайдаланған заттары, жазу құралдары, кәдесыйлары мен портреті әкелінген. Бүгінде драматург Қалтай Мұхамеджановтың шығармалары  шет тілдеріне аударылып, АҚШ, Ұлыбритания, Болгария, Венгрия, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан және тағы басқа елдердің театрларында сахналанып жүр.

ACD_0878

[caption id="attachment_4146" align="alignnone" width="3696"]ACD_0981 Сурет: Қызылордада облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды[/caption] [caption id="attachment_4145" align="alignnone" width="3696"]ACD_0977 Сурет: Қызылордада облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды[/caption] [caption id="attachment_4143" align="alignnone" width="3696"]ACD_0831 Сурет: Қызылордада облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды[/caption]

ACD_0822