20 Мамыр 2015, 14:53 2453 0 Экономика Анар ЛЕПЕСОВА

Қымбат нөмірлер сатылымынан Солтүстік Қазақстан бюджетіне 9 миллион теңге түсті

Солтүстікқазақстандықтар көліктің VIP-номерлерін сатып алуға жыл басынан бері 9 миллион теңге жұмсаған. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Ақылы нөмірлер өткен жылдың қазан айынан бері сатылымға шыққан болатын. Сол уақыттан бері Солтүстік Қазақстан облысының жүргізушілері 16 миллион 566 мың теңгеге 51 номер сатып алған. Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2015 жылдың алғашқы 4 айында барлығы 28 VIP-номер сатылыпты, олардың жалпы сомасы 9 миллион 45 мың теңгені құрайды.
Көп сұранысқа ие номерлердің көш басында 555 тұр екен. Қымбат нөмірлердің бағасы ондағы сандардың орналасу тәртібіне қарай әр түрлі. Мәселен, 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлерінің құны – 451 896 теңге. Ал 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 номерлерін 271 534 теңгеге сатып алуға болады.

Соңғы жаңалықтар