Жігерлі жастарға жүктелген жауапкершілік

Жігерлі жастарға жүктелген жауапкершілік

Жігерлі жастарға жүктелген жауапкершілік
ашық дереккөзі
«Нұр Отан» партиясы Мақат аудандық филиалында «Жас Отан» ЖҚ IV съезд алдындағы «Біз – Қазақстанның болашағымыз» атты жастар конференциясы өтті. Конференцияға Мақат ауданы әкімінің орынбасары Жандарбек Гумаров және «Жас Отан» ЖҚ-ның Атырау облыстық филиалының төрағасы Ринат Гилажев қатысты.  Күн тәртібінде Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындайтын міндеттер қаралды. Жиын барысында «Жас Отан» ЖҚ-ның Атырау облыстық филиалының төрағасы Ринат Гилажев «Қазақстанның қасиетті  рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жасақтау жөнінде тапсырма берілгенін жеткізді. Атырау облысынан жоба аясында 13 тарихи нысан ұсынылып, төртеуі «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» картасының тізіміне енгізілді: Жылыойдағы Ақмешіт, Ұшқан ата, Индер ауданындағы Махамбет бабамыздың кесенесі, Сарайшық қалашығы. – Рухани құндылығымызды жаңғырту мақсатында Исатай-Махамбет бабамыздың басына «Қарой-Шейітсай-Қарой» автожорығы ұйымдастырылған болатын. Исатай-Махамбет туралы қосымша тың деректер жинап, деректі фильм түсіріп, әлі де болса халық аузында жүрген мәліметтерді кейінгі жас ұрпаққа насихаттау – міндетіміз, – деді ол. Мақат аудандық «Жас Отан» жастар қанаты 2017 жылдың сегіз айында атқарған жұмыстары туралы аудандық «Жас Отан» жастар қанаты филиалының жетекшісі Айдана Балашеваның есебі тыңдалды. Айдана Балашеваның айтуынша, Елбасының тапсырмасына сәйкес ауыл жастарын қолдауға бағытталған «Ауыл жастары» атты ұлттық бағдарлама негізінде  «Дипломмен – ауылға!» жобасына сәйкес, 2017 жылы 5 жоғары және орта білімді жастар ауданға келген және олар әр салада жұмыс істейді. – Ауданымызда  жалпы халық саны 30269 адам, 14-29 жас аралығындағы жастар саны – 8 105,  «Жас Отан» Жастар қанатының мүшесі – 834 жас. Аудан бойынша жастар саясаты және азаматтарға патриоттық тәрбие беру жөнінде арнайы жоспарланған шараларға 4 млн теңге бөлінді, – деді Айдана Балашева.