26 Сәуір 2017, 15:27 1319 0 Нұр Отан Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясын ашты

Елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен  Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» аты тақырыппен өтіп жатқан шараға 1500-ден астам адам қатысуда. Олардың қатарында еліміздің барлық өңірлерінен келген Ассамблеяның мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшылары, ғылыми, шығармашылық зиялылар және тілшілер қатысуда. Айта кетерлігі, шараның ресми бөлігі аяқталғаннан кейін салтанатты концерт өтеді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар