Ашхабад полицейлері қол ұстасқан қыз-жігіттерді тұтқындай бастады

Ашхабад полицейлері қол ұстасқан қыз-жігіттерді тұтқындай бастады

Ашхабад полицейлері қол ұстасқан қыз-жігіттерді тұтқындай бастады
ашық дереккөзі
Түркіменстанның тәртіп сақшылары Ашхабад көшелерінде серуендеген қыз-жігіттердің құжаттарын тексеріп, үйленбегендерін полиция бөліміне алып кетуды шығарған. Бұл туралы Азаттық радиосының тілшісіне сілтеме жасап Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. 
Қаладағы жоғарғы оқу орындарының бірінде оқитын Мақсат есімді студент бір айдан бері полицияның соңынан қалмай қойғанын айтты. "Студенттер әдетте оқудан немесе көпшілік шаралардан жатақханаға бірге қайтады, бірге спектакльге, концертке барады. Саябақта бірге қыдырады", - дейді ол. Студенттің айтуынша, соңғы уақытта полиция қызметкерлері көшеде кетіп бара жатқан немесе саябақта бірге отырған қыз бен жігіттің құжаттарын тексеруін жиілеткен, оларды тергеп, тағы да бірге ұсталған жағдайда оқудан шығаратынын ескертетін болған. Ашхабад тұрғындары полиция қызметкерлерінің бұл әрекетін түсінбейтіндіктерін мәлімдеді. Құқыққорғау органдары да бұл тақырыпқа қатысты  түсініктеме бермеген.