Түркіменстанда Президент сайлауы өтуде

Түркіменстанда Президент сайлауы өтуде

Түркіменстанда Президент сайлауы өтуде
ашық дереккөзі
Бүгін Түркіменстанда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де (Астана уақыты бойынша 08:00) президенттік сайлауды өткізу үшін сайлау учаскелері жұмысын бастады. Бұл жөнінде РИА Новости хабарлады. Президенттікке түскен үміткерлерге дауыс беру кешкі 19:00-ге дейін жалғасады. Сайлауды өткізу үшін мемлекетте 2587 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Оның 39-ы Түркіменстанның шет елдердегі дипмиссиясында ашылған. Дауыс берушілердің саны - 3 223 455 адам.