Президент Бас прокурорды қабылдады

Президент Бас прокурорды қабылдады

Президент Бас прокурорды қабылдады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Бас прокурор Жақып Асановты қабылдап, бірқатар тапсырмалар берді. Кездесуде қадағалаушы органның өткен жылы атқарған жұмыстары баяндалып, алдағы іс-жоспары айқындалды. Президент құқық қорғау саласындағы реформаларды одан ары нәтижелі жүзеге асыруды тапсырды. Сондай-ақ заңбұзушылықтардың санын жасырмай, барлығын біркелкі тіркеп тұруды ескертті. Ал Жақып Асанов бизнес қауымдастықты алаңдатқан кедергілерді азайту, Жолдауда көзделген мақсат-міндеттерді орындау және қылмыстық процестерді электрондық нұсқаға көшіру үшін тиісті жұмыстар қолға алынғанын жеткізді.