Шымкентте Бауыржан Момышұлының ескерткіші жаңғыртылды

Шымкентте Бауыржан Момышұлының ескерткіші жаңғыртылды

Шымкентте Бауыржан Момышұлының ескерткіші жаңғыртылды
ашық дереккөзі
Шымкентте Бауыржан Момышұлының ескерткіші қайта жөндеуден өткізіліп, айналасы жаңғыртылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ескерткіш өзінің есімімен аталатын даңғыл мен Тәуке хан даңғылы қиылысында орналасқан. Алдымен атақты қолбасшы Бауыржан атаның ескерткішінің негізгі тіреуі жаңартылып, ескірген гранит тастары алмастырылды. Ескерткіштің артқы тұсындағы субұрқақтағы мраморлық тастары да жаңартылып жатыр. Енді «Мраморгранит тас» мердігер компаниясы әрлеу жұмыстарын жүргізуде. Ескерткіштің өзі арнайы қоспамен сүртіліп-өңделіп, өңі жаңа күйдегідей жылтырап қалған. Үш апта уақыт ішінде мердігер мекеме қалалық «Тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық» бөлімі тапсырысын үлгеріп орындап шықпақ ниетте. Жөндеу жұмыстары бірер күнде толық аяқталады деп отыр. Сапасына мердігер мекеме жауапты. Үш жылдық кепіл мерзімде жұмыстағы кемшіліктер анықталар болса, оны ретке келтіруді жұмыс атқарушы мекеме міндетіне алады.