Серік Ахметовтің қамау мерзімі тағы да ұзартылды

Серік Ахметовтің қамау мерзімі тағы да ұзартылды

Серік Ахметовтің қамау мерзімі тағы да ұзартылды
ашық дереккөзі

Қазақстан Республикасының бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов үй қамауында отырғаны белгілі. Енді Қарағанды облыстық соты Серік Ахметовті үй қамағына алу мерзімін 2015 жылдың 18 мамырына дейін ұзартыпты. Экс-премьердің үй қамағында отыру мерзімін ұзарту туралы өтініш Қазыбек аудандық сотында қаралған. Сондай-ақ, 13 сәуірде Қарағандыдағы Қазыбек аудандық сотының шешімі бойынша, Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловтың, «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімінің» бұрынғы басшысы Ернар Дәрібековтің үй қамауындағы мерзімі 16 мамырға дейін, ал «Қазақстан өнеркәсіп корпорациясы» директорының бұрынғы орынбасары Әлжан Ақмолдаевтың мерзімі 20 мамырға дейін ұзартылды. Айта кетейік, Серік Ахметов аса ірі көлемде пәре алды, аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды, лауазымын асыра пайдаланды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты деп айыпталған. Серік Ахметов 2014 жылдың қарашасында үй қамағына алынған болатын. одан кейін сот шешімі бойынша қамау мерзімі 18 ақпаннан 18 сәуірге дейін ұзартылған еді.