15 Қараша 2016, 15:33 1641 0 Қоғам Ақниет ОСПАНБАЙ

Shymkent city салынады

Шымкенттің іргесінде Shymkent city қалашығы бой көтереді. Қазір жоба бекітіліп, жерді ретке келтіру жұмыстарының 30%-ы жүзеге асырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

427 гектар аумақты алып жатқан қалашықта 316 нысан бой көтереді. Бұған респубикалық бюджеттен 6 миллиард 700 миллион теңге бөлінген. Шаһардағы ең биік 25 қабатты зәулім үй де осы ауданда бой көтермек. Болашақта Shymkent city қалашығында 70 мың адам қолжетімді баспанамен қамтылады деген жоспар бар. Тұрғын үйден бөлек, 62 гектар жерге саябақ салынады. Сондай-ақ 21 балабақшаның қазығы осы маңнан қағылады. Маңайында спорт сарайы, кино, концерт залы мен түрлі мейрамханалар және бизнес орталықтары орналасады. Қазір қала әкімдігінің бюджетінен қаржы қарастырылып, инфрақұрылым жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Қазір өте көп инвесторлар қызығушылық танытып жатыр. Өйткені инфрақұрылымның толық жұмысын көріп отыр. Толық көріп отырсыздар, газ, жарық барлық жұмыстар жүріп жатыр. Келесі жылы қосылатын болады», — дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров.

Тэгтер Шымкент

Соңғы жаңалықтар