"Мәдениет туралы" заң жобасы: Әр баспа табаққа 150 мың теңге беріледі

"Мәдениет туралы" заң жобасы: Әр баспа табаққа 150 мың теңге беріледі

"Мәдениет туралы" заң жобасы: Әр баспа табаққа 150 мың теңге беріледі
ашық дереккөзі
"Қазақстан Республикасының мәдениет мәселелері жөніндегі бірқатар заң актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" заң жобасын талқылау барысында қаламақы мен "қоғамдық маңызды" кітаптар шығару мәселелеріне көбірек тоқталды.
Депутат Майра Айсина мәдениет министрлігінің кітаптарды шығару мен тарату құзыретін кеңейтуді ұсынды. Ақын Олжас Сүлейменов кітаптар мемлекеттің қорғауында болу керек деді. Оның айтуынша, ақын соңғы 25 жылда мемлекеттен "бір тиын қаламақы" алмаған. Ол өзі бірнеше жыл жұмыс істеген Италияның тәжірибесін қолдануды ұсынды - бұл елде жекеменшік банктер табыстың бір бөлігін тәуелсіз қоғамдық мәдениет қорларына аударып отырады. "Бұл қаражат классикалық әдебиетті қолдауға жұмсалады. Банктер табысының аз бөлігін осында аударып отырса, тақырға ұшырап қалмас еді", - деді Олжас Сүлейменов. "Үкімет бұл кітаптың қоғамдық маңызы зор екенін көрсе, онда оны сатып алады. Шығармасы үшін жазушыға қаламақы төленеді", - деді мәжіліс төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева. Саясаткер Дос Кошім "қоғамдық маңызы зор" әдебиет дегенде, мемлекеттің идеологиясын салық төлеушілердің ақшасы арқылы жүргізу - "демократиялық қоғамға жат нәрсе" екенін атап өтті.