7 Сәуір 2015, 09:24 2754 0 Экономика Еркежан ЖҰМАТАЙ

Соңғы 20 жылдың ішінде барланған кен орындары жоқтың қасы

Тәуелсіздік алғаннан бергі 20 жылдың ішінде барланған кен орындары жоқтың қасы. Пайдаланып отырған кен орындары бүгінде тозуға айналған әрі өнім сапасы да жылдан-жылға нашарлап барады. Осы мәселені ескерген Мемлекет басындағылар аталмыш салаға биылғы 2015 жылы 3,2 млрд теңгеден астам қаражат бөліп отыр. ҚР инвестициялар және аймақтық даму министрі Әсет Исекешов:

«Соңғы екi-үш жылда геологиялық барлауды дамыту бойынша кешендi iс-шаралар қолға алынды, арнайы бағдарлама әзiрлендi. Қазiр салаға халықаралық стандарттарды ендiру бойынша жұмыс жүргiзiлуде. Қазба байлықтары туралы заң қабылданды, ол биылғы жылдан күшiне ендi. Заң негiзiнен қатты пайдалы қазбаларды қамтиды, көптеген мәселелер мұнай-газ саласына қатысты. Заңның аясында ашық механизм – аукциондар енгiзiлуде, геологиялық барлау келiсiмiн алу мерзiмi 18 айдан 25 күнге дейiн және сараптамалар 60 пайызға қысқартылды», – деп хабарлайды. Министр атап өткендей, 2015 жылы республикалық бюджет пен Ұлттық қордан 3 млрд 260 млн теңге мұнай және газ бойынша жаңа iздеу жұмыстарын қаржыландыруға бағытталады. Министрдің сөзіне сенсек, мемлекет есебiнен қаржыландырылатын жұмыстар инвесторларды тарту қиындық тудыратын аз зерттелген аумақтарда жүргiзiлетін көрінеді.

Соңғы жаңалықтар