12 жылдық білім беруге түбі көшеміз

12 жылдық білім беруге түбі көшеміз

12 жылдық білім беруге түбі көшеміз
ашық дереккөзі

Бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов: «Алдағы 2016 жылдан бастап Қазақстанның барлық мектептерінде 12 жылдық білім беруді қарастыратын жаңа бағдарлама іске қосылады.

Сыртқы факторларды ескере отырып, біз әзірге 12 жылдық білім беру бағдарламасына көшуді кейінге қалдыруды ұсындық. Бірақ, өздеріңіз білетіндей, үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы білім беруді жаңғырту жұмыстарын жалғастыруға қатысты нақты міндеттер қойды. Біз орта білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіруге ұмтылуымыз қажет», - деді Аслан Сәрінжіпов.

Естеріңізде болса, жыл басында депутаттар12 жылдық білім беру жүйесіне толық дайындықтың жоқтығынан оны кейінге шегере тұруды айтқан болатын. Артынша Асылан Сәрінжіпов әлемдік дағдарысқа байланысты қаржы тапшылығын ескеріп, бұл бағдарламаға жоспарланған уақытында іске аса алмайтындығын жеткізген болатын. Елдегі экономикалық жағдайды ескеріп, 12 жылдық білім беру жүйесіне арнайы мектептер салу я болмаса, өзгеде құрылыс нысандарын ашуға үміметтен қыруар қаржы жұмсалынбайды.

Осы уақытқа дейін елімізде 1000-ға жуық жаңа мектептер салынып, пайдалануға берілген. Осы мектептерді ұтымды қолдануға кеңес берді Білім және ғылым министрі. Білім саласының жаңартылу мақсатында еліміздегі даярлық сыныптарына жаңа мазмұндағы бағдарламалар дайындалмақ. Аталмыш министрліктің мәліметіне жүгінсек, бүгінгі таңда елімізде балалардың 95%-ы дерлік даярлық сыныптарына барады. «Осылайша, біз қазір жаңа стандарттар, жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуге кірістік. Бұл жұмыс жыл соңына дейін жалғасады, осы орайда оқушыларға қажетті білім бастауыш және негізгі мектепте беріледі, ал жоғары мектеп – бұл жоғарғы екі сынып – олардың да оқу құралдарының мазмұны жаңартылып, кәсіби білім беруге және академиялық дағдыларға үйретуге негізделеді. Яғни, жоғары сыныптарға баратын балалар ЖОО-ға дайындықтан өтіп, соған сәйкес білім алып шығады», - деді А.Сәрінжіпов. Еліміздегі білім саласында ең өзекті түйіткілді мәселелердің бірі – кадр тапшылығын шешу керегін тілге тиек еткен Асылан Сәрінжіпов техикалық салаларға маман даярлау керегін көтерді.

Сондай-ақ, Қазақстанда 10 жоғары оқу орнына өндірістік сала үшін біліктілігі жоғары маман дайындау міндеті жүктелмек. «Республикалық бюджеттің қысқартылуына қарамастан, ИИДМБ жобаларын жүзеге асыру үшін тиісті мамандар дайындауға алдағы 2-3 жылға арнап 10 млрд теңге бөлініп отыр. Мұндай шешім алғашқы бесжылдық қорытындыларына жасалған талдаудан кейін қабылданған, оған сәйкес, бағдарламаны жүзеге асыруда білікті мамандардың жеткіліксіздігі анықталды.

Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Қазақстанның 10 жоғары оқу орнына ИИДМБ жүзеге асыруға қажетті әлемдік деңгейдегі жоғары білікті мамандар дайындау міндеті жүктелді. Құрылыс саласы, ғарыш техникасы және технологиясына қажетті мамандар дайындау бойынша ЕҰУ екі бағдарлама ұсынып отыр», - дейді Л.Н.Гумилев атындағы Ұлттық еуразиялық университет ректоры.

Оның айтуынша, бөлінетін қаржы қажетті зерттеу құралдарын сатып алуға, профессорлық-ұстаздық құрамды дайындау және қайта дайындауға және танымал ғалымдарды тартуға бағытталмақ. Алдағы 5 жылда осы аталған мәселе бойынша жоспарлы түрде жұмыстар атқарылмақ.