20 Қыркүйек, 14:59 358 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Ұлыбританияда карантинді бұзғандарға салынатын айыппұл өседі

Ұлыбританияда карантин талаптарын бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі көбейеді. 

Daily Telegraph басылымының хабарлауынша, коронавирус жұқтырғаны расталған және екі апталық карантинді бірнеше рет бұзған азаматтар келесі аптадан бастап 10 мың фунтқа дейін (13 мың долларға дейін) төлемек.

Елдегі індеттің таралуын бақылау үшін құрылған Test және trace бағдарламасы қызметкерлерінің ұсыныстарына құлақ аспайтын тұрғындар да осынша көлемде айыппұл арқалайды.

Бұдан бөлек, Ұлыбритания үкіметі алты адамнан артық жиналғандарға қаржылық айыппұлды он есеге - 100 фунттан мыңға дейін арттыруды жоспарлауда.

Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, пандемия басталғалы Ұлыбританияда 393 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған. Елде індет құрбандарының саны 42 мыңға жуықтады.

Ал әлемде індетке шалдыққандар саны 30,6 миллионнан асып жығылды. Қатерлі вирустан 955 841 адам қайтыс болды.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 63 адамнан коронавирус анықталып, індет жұқтырғандардың жалпы саны 107 262-ге жетті. Індеттен 1671 отандасымыз көз жұмды. 102 мыңға жуық адам емделіп шықты.

Соңғы жаңалықтар