20 Қыркүйек, 11:49 983 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Трампқа жолданған сәлемдемеден у табылды

АҚШ құқыққорғау органдары АҚШ президенті Дональд Трампқа жолданған сәлемдемдеменің уланғанын анықтады. Бұл туралы екі дереккөзге сілтеме жасап CNN хабарлады.

Президентке жолданған заттарды зерттеу барысында (Ақ үй аумағынан тыс жерде жасалады) сәлемдемелердің бірінен рицин уы табылды. Бұл қауіпті зат майсана бұршағынан алынады.

Президенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін АҚШ-тың құпия қызметі тергеуді бастады. Федералды тергеу бюросы да тергеу амалдарына кірісті. Ақ үй әзірге бұл оқиғаға байланысты пікір білдірген жоқ.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың қазанында АҚШ-тың арнайы қызметтері Трампты және Пентагонның жоғары шенді қызметкерлерінуламақ болған күдіктіні тұтқындаған. АҚШ-тың Әскери-теңіз күштерінің 39 жастағы бұрынғы қызметкері Уильям Клайд Аллен рицинмен уланған бірнеше конвертті Ақ үйге, сондай-ақ Пентагон басшысы Джеймс Мэттиске және әскери-теңіз операцияларының жетекшісі, адмирал Джон Ричардсонға жөнелткен болатын.

Соңғы жаңалықтар