15 Қыркүйек, 20:42 2730 0 Экология Анар ЛЕПЕСОВА

Қызылорда облысында қарақұйрық атқан браконьерлер ұсталды

Қызылорда облысында қарақұйрық атып алған браконьерлер ұсталды. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қызылорда облысының аумағында 13 қыркүйекте сағат 23:30-да РМҚК «ӨБ Охотзоопром» инспекторлары ВАЗ-21214 маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру кезінде 16 калибрлі мылтық, атылған екі толай қоян және қарақұйрық табылды. Бұл факт бойынша Қылмыстық кодектсің 337-бабымен қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар