12 Тамыз, 11:48 768 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Карантинде жатқан азамат 4-қабаттан секіріп, мерт болды

Ташкенттегі "Саёхат" қонақ үйінде карантинде жатқан  31 жастағы азамат төртінші қабаттан секіріп, қайтыс болды. 

Өзбекстан Бас прокуратурасының хабарлауынша, марқұм 4 тамызда Ресейдің Қазан қаласынан Ташкентке ұшып келіп, бірден карантинге жатқызылған. 7 тамызда одан коронавирусқа сынама алынған. Сынама теріс нәтиже көрсеткен.

Туыстарының сөзінше, ер азаматтан соңғы кезде психикалық өзгерістер байқалған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, пандемия басталғалы Өзбекстанда 32 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды. Індеттен 204 науқас көз жұмды. 23 мыңнан аса адам емделіп шықты.

Соңғы жаңалықтар