Еліміздің екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК-ның таратқан деректерге сүйенсек, 1 тамызда Қызылорда облысының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерде күші секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 1 тамызда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні секундына 16 метрге жетеді. Ауа райына болжамының ықтималдылығы 90-100%. Қарағанды облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде +35 градус аптап ыстық болады, өте жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда +35 градус қатты ыстық болады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 70-75%.