Елордада айына 5 млн маска тігетін қуатты өндіріс орны іске қосылды

Елордада айына 5 млн маска тігетін қуатты өндіріс орны іске қосылды

Елордада айына 5 млн маска тігетін қуатты өндіріс орны іске қосылды
ашық дереккөзі
Нұр-сұлтан әкімдігінің ресми сайты мәліметінше, қазіргі уақытта кәсіпорын сынақ режимінде жұмыс істейді. «10 маусымда бізге құрал-жабдықтар келе бастады. Содан кейін оны әзірлеп, жұмысқа қызметкерлер қабылдауға кірістік. Ал 20 шілдеден бастап сынақ режимінде жұмысқа кірісіп, қызметкерлерді де қатар оқыту басталды. Кәсіпорын жолағы сынақ режимінде екі миллионға жуық маска шығарды. Толық өндірістік қуатына шыққанда айына бес миллион маскаға дейін тігетін болады», – деді «Болашақ 2019» ЖШС техникалық директоры Ғабит Нүсіпов.