«Jas Otan» жастары дәрігерлерге құрмет көрсетті

«Jas Otan» жастары дәрігерлерге құрмет көрсетті

«Jas Otan» жастары дәрігерлерге құрмет көрсетті
ашық дереккөзі
Елімізде 15 шілдеден бастап ақ халатты абзал жандардың құрметіне Nur Otan партиясының Jas Otan ЖҚ «Дәрігерлерге мың алғыс!» республикалық акциясын бастаған болатын.
Төрт айдан астам уақыт аяқтарында тік тұрып, әрбір өмірге араша түсуде ерекше, қажырлы еңбек етіп келе жатқан дәрігерлерге қандай құрмет көрсетсе де жарасады.
 width=  width= width= width= width= width=

Қауіпті індетпен күресіп жүрген дәрігерлерге арналған алғыс қораптарын Jas Otan ЖҚ Түркістан облысық филиалы және «Жастар ресурстық орталығы» волонтерлары Түркістан қалалық орталық ауруханасының қызметкерлеріне табыстады. Іс-шараға қатысқан Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының орынбасары Қалыйма Жантөреева партия тарапынан дәрігерлерге өз алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Жылы көңіл мен ыстық ілтипатқа бөленген ақ желеңді абзал жандар партияға, жастарға өз алғысын білдірді.