Көпбалалы отбасыларға берілген тұрғын үй бір жыл өткен соң құлай бастады

Көпбалалы отбасыларға берілген тұрғын үй бір жыл өткен соң құлай бастады

Көпбалалы отбасыларға берілген тұрғын үй бір жыл өткен соң құлай бастады
ашық дереккөзі

Елордада көпбалалы отбасылар мен ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін салынған тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткен соң «құлай бастады». Жертөлелері үнемі ағынды және кәріз су астында қалады.

Қошқарбаев көшесі 80/1 мекенжайынының тұрғындары бұл проблеманы айтып, Нұр-Сұлтан қалалық «Nur Otan» партиясының филиалына шағымданды.

Қалалық партиялық бақылау комиссиясы, құрылыс басқармасы және Алматы ауданы әкімдігінің өкілдері тексеріс шараларын жүргізді.

Нәтижесінде, тұрғындарымен кездесуден кейін партиялық бақылау комиссиясы а.ж. 1 қыркүйегіне дейін жертөлелерді ретке келтіруді, шатырды, кіреберістерді жөндеуді, міндетті түрде пандустар орнатуды тапсырды.

Бұл мәселені «Nur Otan» партиясының қалалық филиалы бақылауға алды.