30 Шілде, 12:12 336 0 Жаңалықтар Анар ЛЕПЕСОВА

«Nur Otan» ақтөбеліктердің ауыз су мәселесін шешуге атсалысты

40 градус ыстықта Ақтөбедегі «Бауырластар» үй кешенінің тұрғындары сусыз қалды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мамыр айында олар әкімдікке сумен жабдықтаудағы іркілістер және құбырлардағы төмен қысым туралы шағым түсірген, бірақ мәселе әлі шешілген жоқ.

Өз кезегінде бұл сұрақ «Nur Otan» партиясының бақылауына алынды.Партиялық бақылау комиссиясы және филиал төрағасы, Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров жергілікті халықпен кездесті.

Тұрғын үй алабының белсенді салынуына және халықтың өсуіне байланысты ауыз су шығыны екі есе артқаны және қолда бар төрт ұңғыманың қуаты жетпейтіні анықталды.

Партияның араласуынан кейін тамыз айының екінші жартысында тағы екі ұңғыма пайдалануға беріледі. Уақытша шара ретінде Партиялық бақылау комиссиясы ауыз сумен күнделікті қамтамасыз етуді ұйымдастыруды ұсынды.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін әкімдік 2021 жылы құрылысы жоспарланған 200 нысан үшін сумен жабдықтау желісінің жобасын әзірлеуі тиіс.

Бұл мәселе Ақтөбе облыстық филиалының партиялық бақылауында болады.

Соңғы жаңалықтар