Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 48,5 мыңнан асты

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 48,5 мыңнан асты

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 48,5 мыңнан асты
ашық дереккөзі
Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны 48 574 адамға жетті, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. «Қазақстанда өткен тәулікте 1403 адам коронавирус індетін жұқтырғаны белгілі болды. Оның ішінде 814 адам –клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы», – делінген ақпаратта. Өңірлер бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан қаласы - 95 / 47 Алматы қаласы - 113 / 62 Шымкент қаласы - 84 / 44 Ақмола облысы - 32 / 25 Ақтөбе облысы - 32 / 16 Алматы облысы - 71 / 68 Атырау облысы - 325 / 181 Шығыс Қазақстан облысы - 96 / 31 Жамбыл облысы - 59 / 32 Батыс Қазақстан облысы - 103 / 57 Қарағанды облысы - 81 / 48 Қостанай облысы - 17 / 13 Қызылорда облысы - 40 / 12 Маңғыстау облысы - 124 / 117 Павлодар облысы - 53 / 12 Солтүстік Қазақстан облысы - 17 / 6 Түркістан облысы - 61 / 43 Жалпы ел бойынша індетке шалдыққандар саны – 48 574, қайтыс болғаны – 232 адам.