Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 80 жасқа толды

Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 80 жасқа толды

Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 80 жасқа толды
ашық дереккөзі
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі. Бірқатар шет мемлекеттер мен еліміздің жетекші университеттерінің құрметті профессоры және докторы. Көптеген кітаптар мен ғылыми мақалалардың авторы. 1960-1969 жылдары Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973-1977 жылдары – Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы. 1977-1979 жылдары – Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы. 1979-1984 жылдары – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984-1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы. 1989-1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы. 1990 жылдың сәуірінен Қазақстан Республикасының Президенті болды. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 пайыз) жеңіске жетті. 1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 1999 жылдың 10 қаңтарында өткен баламалы сайлаудың нәтижесiнде Н.Назарбаев 79,78 пайыз дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды. 2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95,5 пайыз дауысымен Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланған-ды. 2015 жылғы 26 сәуірде өткен кезектен тыс сайлауда да айқын жеңіске жетті. 2019 жылғы 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқару туралы» № 887 жарлыққа қол қойып, Президент лауазымынан өз еркімен кетті. Дәл осы жарлыққа сәйкес, 2019 жылғы 20 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі қалған мерзімге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы – қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқына ант берген сəтінен бастап көшті.