COVID-19: Жапонияда індетке шалдыққандар саны 20 мыңнан асты

COVID-19: Жапонияда індетке шалдыққандар саны 20 мыңнан асты

COVID-19: Жапонияда індетке шалдыққандар саны 20 мыңнан асты
ашық дереккөзі
Жапонияда коронавирус жұқтырғандар саны 20 мыңнан асты. Соңғы тәулікте елде екі бірдей антирекорд орнатылды: екі айдан бері Токиода алғаш рет бір күн ішінде 120-дан аса, ал мемлекет бойынша 200-ден аса науқас тіркеліп отыр, деп хабарлайды РИА Новости. Жергілікті БАҚ-тың дерегінше,  өткен тәулікте Жапония астанасында 124 адамнан коронавирус анықталған. Ал бүкіл ел аумағында індет жұқтырудың 236 жаңа дерегі тіркелді. 3 мамырдан кейін бұл көрсеткіш 200-ден аспаған болатын. Пандемия басталғалы Жапонияда қатерлі вирусты 20 038 адам жұқтырған. Оның ішінде 712-сі Diamond Princess круиздік лайнерінің жолаушылары. Елдегі індет құрбандарының жалпы саны – 990. Емделіп шыққандар саны – 17 524. Айта кетейік, әлем бойынша қатерлі індетке шалдыққандар саны 10,9 миллионнан асты. Қатерлі вирустан 521,7 мың науқас көз жұмды. Ал Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалға келсек, елімізде соңғы тәулікте 1501 адамнан коронавирус анықталып, індет жұқтырғандардың жалпы саны 44 075-ке жетті. Індеттен 14 мыңнан астам адам айықты. 188 науқас қайтыс болды.