Карантин кезінде қандай пойыздардың қозғалысы тоқтайды

Карантин кезінде қандай пойыздардың қозғалысы тоқтайды

Карантин кезінде қандай пойыздардың қозғалысы тоқтайды
ашық дереккөзі
Қазақстанда карантиннің күшеюіне байланысты жолаушыларды пойызбен тасымалдауға қатысты шектеу шаралары енгізілді. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. "Осы жылдың 2 шілдесінде, елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, мемлекеттік комиссия темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау бойынша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады", - делінген министрліктің хабарламасында. Осыған байланысты 5 шілдеден бастап №321/322 "Алматы – Сарыағаш" жолаушылар пойызы уақытша тоқтатылады. Сонымен қатар, бірнеше жолаушылар пойызының жүру жиілігі қысқарады. Атап айтсақ, №3/4 "Алматы-Нұр-Сұлтан", № 31/32" Алматы-Павлодар" және  № 67/68" Нұр-Сұлтан-Өскемен " пойыздары бұрынғыдай күн сайын емес, күнара қатынайды. Ал №257/258 "Нұр-Сұлтан-Достық" пойызы аптасына екі рет емес, тек бір рет жүреді. Бұған дейін 1 шілдеден елордадан шығатын үш пойыздың қозғалысы уақытша тоқтатылғаны хабарланған болатын.
  • №19/20 "Нұр-Сұлтан-Атырау";
  • №95/96 " Нұр-Сұлтан-Орал";
  • №701/702 "Нұр-Сұлтан-Алматы".
Төтенше жағдай аяқталғаннан кейін, бірінші маусымнан жолаушылар пойыздарының қозғалысы кезең-кезеңмен жандана бастады. Бүгінде 93 пойыз қатынайды.