Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 30 адам көз жұмды

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 30 адам көз жұмды

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 30 адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Елімізде соңғы тәулікте коронавирус инфекциясынан 10, ал пневмониядан 20 науқас қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.  "Қазір біз ауру белгілері бар және ауру белгілері жоқ пациенттердің біріккен статистикасын жүргізуге көштік. Бұл елдегі жағдайды толық түсіну үшін қажет. Соңғы тәулік ішінде 1247 адамнан пневмония анықталды, біз оларға мониторинг жүргізіп, сәйкес терапиямен қамтамасыз етіп отырмыз. Қазір статистикалық көрсеткіштерді апталық форматта беруді жоспарлап отырмыз. Яғни, бір апта ішінде вирус жұқтырған науқастар саны ресми ресурстарда жарияланады. Оған қоса біз күнделікті көрсеткіштерді де бақылап отырмамыз. Бұл ақпараттарды біріктіріп, апта сайын мәлімет ұсынатын боламыз", – деді министр. Айта кетейік, соңғы тәулікте елімізде 1509 адамнан коронавирус анықталып, індетке шалдыққандардың жалпы саны 42574-ке жетті. Бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті. Комиссия шешіміне сәйкес, 5 шілдеден бастап елімізде 14 күнге бірқатар шектеу шаралары енгізіледі. Премьер-министр Асқар Маминнің айтуынша, індеттің беті қайтпаса, карантин шаралары тағы екі аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін.