1 Шілде, 13:31 883 0 Жаңалықтар Анар ЛЕПЕСОВА

Атыраулық кәсіпкерлер облыстық ауруханаға өкпені жасанды желдету аппараттарын алып берді

Атырау облысының кәсіпкерлері  облыстық ауруханаға өкпені жасанды желдету аппараттарын сыйға тартты.  Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова айтты.  

"Барша жұртқа қауіп төндірген індетті ауыздықтау үшін, ең алдымен, дәрігерлер мен медицина қызметкерлері жұмылдырылды. Оларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау  көрсетілді. Билік ақ халатты абзал жандарға барынша жағдай жасауда. Дегенмен, бәріміз бір мезетте жұмылып күрессек, бұл індеттен арылудың ауылы алыс емес деп білемін. Бірер күн бұрын облыстағы ірі кәсіпорындар мен кәсіпкерлерімізді осы індетпен жұмылып күресуге шақырған едім. Іле-шала қолдау білдіруші кәсіпорындар  табылды. Оларға алғыс білдіреміз. Осындай қиын кезеңде бір-бірімізге демеу болсақ, бұл індетті де бірге жеңеміз", - дейді Б.Хаменова.

Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында қатерлі індетке шалдыққандар саны 4133-ке жетті. Коронавирустан 6 науқас көз жұмды.

Ал республика бойынша індет жұқтырғандардың жалпы саны 41 мыңнан асты.

Соңғы жаңалықтар