Коронавирус: Ресей Қазақстанға вирусолог мамандарын жіберді

Коронавирус: Ресей Қазақстанға вирусолог мамандарын жіберді

Коронавирус: Ресей Қазақстанға вирусолог мамандарын жіберді
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлады primeminister.kz. Тараптар сауда-экономикалық және көлік салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ ЕАЭО аясындағы өнеркәсіптік кооперация мен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. «CОVID-19-дың таралуына қарсы күрестегі бірлескен шараларға ерекше көңіл бөлінді. Ресей тарапы Қазақстанға дәрі-дәрмек және шығыс материалдарымен бірге тест жүйелері түрінде гуманитарлық көмек көрсетуге, сонымен қатар жұқпалы аурулар госпитальдары мен вирусологиялық зертханаларды ашу бойынша мамандарды ҚР-ға жіберуге дайын екенін білдірді», – делінген ақпаратта.