Ұлыбритания әлеуметтік арақашықтық ережесін өзгертеді

Ұлыбритания әлеуметтік арақашықтық ережесін өзгертеді

Ұлыбритания әлеуметтік арақашықтық ережесін өзгертеді
ашық дереккөзі
Ұлыбританияда 4 шілдеден бастап қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету орындарының жұмыс істеуіне рұқсат берілмек. Ел үкіметі пандемия салдарынан қиындыққа тап болған жергілікті бизнеске қолдау көрсету үшін екі метрлік әлеуметтік арақашықтық ережесін өзгертпекші. Бұдан былай «Бір метр плюс» тәртібі күшіне енеді, яғни қоғамдық орындарда адамдар арасындағы қашықтық кем дегенде 1 метр болуы тиіс.  Арақашықтық сақтау талаптарының жеңілдетілуі кәсіпкерлерді қуантқанымен, вирусологтардың алаңдаушылығын туғызып отыр. Ғалымдардың айтуынша, бұл жеңілдік пандемияның жаңа толқынын туғызуы мүмкін.  Өйткені зерттеулерге сәйкес вирус көп жағдайда ғимарат ішінде тез тарайды. Десе де, Ұлыбритания үкіметінің басшысы мамандардың алаңдауына негіз жоқ деп сендіріп отыр. «Жеңілдетулер коронавирусқа шалдыққандар және қайтыс болғандар саны кеміп, карантин талаптары сақталғаннан кейін ғана мүмкін болып отыр. Ұлыбританияға індеттің екінші толқыны келеді деген қауіп қазір жоқ», – деді Борис Джонсон. Айта кетейік, соңғы дерек бойынша Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандарс аны 306 мыңнан асты. Елде індеттен 43 мыңға жуық адам көз жұмды.