Ресейдің 28 қаласында Жеңіс парады өтіп жатыр

Ресейдің 28 қаласында Жеңіс парады өтіп жатыр

Ресейдің 28 қаласында Жеңіс парады өтіп жатыр
ашық дереккөзі
Ресейдің 28 шаһарында, соның ішінде қаһарман қалалары мен әскери округтер, армия және армия корпустары, флоттары орналасқан қалаларда Жеңістің 75 жылдығына арналған парад өтіп жатыр, деп хабарлайды ТАСС Ресейдің бірқатар қаласында мерекелік іс-шаралар басқа форматта ұйымдастырылған. Кей аудандарда эпидемиологиялық жағдайға байланысты билік шешімімен шерулер өткізілмейтін болды немесе парад көрерменсіз өтеді. Әскери парадтар Чита және Белогорск қалаларында өтті. Ал шерулер Шығыс әскери округінің жеті қаласында өтеді деп жоспарланған. Оған 21 мың адам, 600-ден аса доңғалақты және шынжыр табанды техника, авиация қатысады. Жеңістің 75 жылдығы құрметіне орай ұйымдастырылып жатқан салтанатты шараға қатысу үшін өзге елдердің көшбасшылары Мәскеуге  келіп жетті. Ресей астанасына Абхазия президенті Аслан Бжания, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Молдавия президенті Игорь Додон, Сербия президенті Александр Вучич, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Беларусь президенті Александр Лукашенко келді. Сондай-ақ мұнда Босния мен Герцеговина Президиумының сербиялық мүшесі Милорад Додик, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Оңтүстік Осетия президенті Анатолий Бибиловтің келуі күтілуде. Кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барды. Бүгін Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13:00-де Қызыл алаңда Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады. Ресей астанасында өтетін парадқа 12 елдің әскері қатысады. Атап айтқанда, Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Сербия, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Молдованың өкілдері сап түземек. Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей Президенті Владимир Путин коронавирусқа байланысты аталған іс-шараны өткізуді кейінге қалдырған еді. Осылайша 9 мамырда Ресей қалаларында тек  әуе парадтары мен мерекелік отшашулар болған еді. Кейінірек мамыр айының соңында мемлекет басшысы Жеңіс шеруі 24 маусымда өтеді деп мәлімдеді. Сондай-ақ, Владимир Путин 24 маусымды демалыс күні деп жариялады.