Праймериз: үміткер болуға әркімнің құқы бар

Праймериз: үміткер болуға әркімнің құқы бар

Праймериз: үміткер болуға әркімнің құқы бар
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясының Көш­басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қаулысы бойын­ша,  биылғы 17 тамыз­дан 3 қазанға дейінгі аралықта пар­тияішілік таңдау – прай­ме­риз өтеді.  Бұл – Елбасы жа­рия­лаған «Nur Otan» пар­тия­сын «қайта жандан­дыру­дың» маңызды бөлігі болып та­былатын партияішілік де­мократияның заманауи те­тік­терінің бірі. Праймериздің негізгі мақсаты – ал­дағы Мәжіліс пен барлық дең­гей­дегі мәслихат сайлауларына пар­тия­лық тізімдерді қалыптастыру үшін бәсекелес күрес негізінде жаңа көшбасшыларды айқындау.  width= Партияішілік іріктеу өткізудің ережелерін қабылдау үшін партия                  «Nur Otan» партиясы халықаралық тә­жірибені жан-жақты қарастырып, қа­зақстандық сайлау жүйесінің да­муына жол ашатын тиімді үлгіні таң­дап алды. «Nur Otan» партиясы қолға ал­ған праймериздің жаңа форматы не­сімен ерекше? Біріншіден, кан­дидаттар халық арасында үгіт-на­си­хат жұмыстарын жүргізеді. Бұл бұ­қаралық саясаттың дамуына жол аша­ды. Азаматтар өз дауыстарын кім­ге беретінін білетін болады. Үміт­керлер жарыс жолын жоғары ле­гитимділікпен және танымал­дықпен бастайды.  width= Екіншіден, партиялық тізімдегі әйел­дердің үлесі 30 пайызға жеткі­зіл­мек.  Ел тұрғындарының 50 пайыз­дан астамы – әйелдер. Сон­дық­тан олар партиялық тізімнен лайықты орын алуы қажет. Мәсли­хат­тар құрамында әйелдер қатары­ның артуы білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру секілді са­лалардағы түйткілдердің дер ке­зінде шешілуіне мүмкіндік береді. Үшіншіден, партиялық тізімдегі жастардың үлесін 20 пайызға жет­кізу көзделген. Праймериз жастарға ашық партияішілік жарыста өз по­тенциалын көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл квотаны жастарды ын­таландыру деп қабылдауға болады, праймеризге қатыса отырып олар шын мәнінде партиялық тізімге ену мүмкіндігі бар екенін білетін бо­лады. Төртіншіден, мәслихаттарға арналған партиялық тізімнің 70 пайызы праймеризден өткен үміт­керлерден құралатын болады. Ті­зімге партиялық іріктеуден өткен аза­маттардың енуі Қазақстанның саяси тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай. Сондай-ақ тізімде Қазақстанның заң шығару орга­нын­да мол тәжірибесі бар және ел­дің қалыптасуына өз үлесін қос­қан азаматтардың міндетті түрде болуына баса мән берілмек. «Nur Otan» партиясының прай­мериз өткізу ережесі бойынша партияның құндылықтарын ұстанатын және сайлау құқығы бар кез келген қазақстандық үміткер бола алады. Егер кандидат партия мүшесі болмаса, ол праймеризге қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін партия қатарына қосыла алады. Кандидаттар бастауыш партия ұйымынан және бір облыс, қала не­месе ауданнан өзін-өзі ұсыну жо­лымен де қатысуы мүмкін. Пар­ламент Мәжілісінің қазіргі де­пу­таттары да праймеризге кандидат ретінде партиялардың облыстық филиалдарының, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының кон­ферен­цияларын­да жарыссөздерге қатыса алады.  width= Үгіт-насихат жұмыстарын тіке­лей кандидаттардың өздері жүзеге асырады және ол партия мүше­лері­мен кездесулерді, БАҚ пен әлеу­мет­тік желілерде мақалалар мен жаз­ба­лар жариялауды қамтиды. Жарыссөздерге қатысу барлық кан­дидаттар үшін міндетті. Кан­ди­даттар белгілі бір елді мекендердің мәселелерін кәсіби қызметке сәй­кес шешуге қатысты көзқарас­та­рын ұсынады. Партияішілік іріктеу ережесінде дауыс беру барысының ашықтығын қамтамасыз ету тетіктері қарас­ты­рыл­ған. Барлық кезеңдерді Пар­тия­лық бақылау комитеті бақылайды. Ал оның құрамына партия мүшесі болып табылмайтын қоғам бел­сенділері де кіреді. Дауыстарды санауды учаскелік есеп комиссия­лары әр кандидаттың бақылау­шы­ларының қатысуымен жүргізеді.