COVID-19: Бразилияда бір тәулікте 1,3 мың науқас көз жұмды

COVID-19: Бразилияда бір тәулікте 1,3 мың науқас көз жұмды

COVID-19: Бразилияда бір тәулікте 1,3 мың науқас көз жұмды
ашық дереккөзі
Бразилияда өткен тәулікте коронавирустан көз жұмудың 1 349 дерегі тіркелді. Бір күн ішінде 28 мыңнан аса адамның індет жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.   Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, Бразилия коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде екінші орында тұр. Ал вирустан өлім-жітім саны бойынша төртінші орынға көтерілген. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, елде COVID-19 індетіне шалдыққандардың жалпы саны 584 016-ға жеткен.  Қатерлі вирустан 32 548 адам қайтыс болған. Ал  238 мыңнан аса науқас емделіп шықты. Бүгінде әлем бойынша  6 524 369 адамнан коронавирус анықталды. Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне сүйенсек, дүние жүзінде індет құрбандарының саны 386 289-ға жеткен. Ал еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға келсек, Қазақстанда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырудың 271 жаңа дерегі тіркеліп, індетке шалдыққандардың жалпы саны 12067-ге жетті. Қатерлі вирустан 48 отандасымыз көз жұмды.