Мектеп директорлары аттестациядан өтеді – министр

Мектеп директорлары аттестациядан өтеді – министр

Мектеп директорлары аттестациядан өтеді – министр
ашық дереккөзі
Елімізде мектеп директорлары мен олардың орынбасарларын аттестациядан өткізу институты енгізіледі. Сыннан сүрінбей өткен басшылардың жалақысы артады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.  «Педагогтардың сапалық құрамын арттыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта 150 мыңнан астам педагог біліктілік санатын растап, лауазымдық еңбекақысының 30-50 пайызы көлемінде үстемеақы алып жатыр», - деді ведомство басшысы. Министрдің айтуынша, мектеп басшыларының жалақысын арттыру мәселесі де қарастырылған. «Жалпы ол - белгілі проблеманың бірі. Қазіргі уақытта директорлардың жалақысы өте аз, жеткіліксіз. Ол үшін бірнеше шара қабылдадық. Біріншіден, биыл және келесі 4 жыл ішінде жалақының екі есе өсуі директорларға да қатысты болады. Екіншіден, директорлар мен олардың орынбасарларын аттестациядан өткізу институты енгізілді. Яғни, енді директорлар мен олардың орынбасарлары өз жұмысының тиімділігін көрсеткен жағдайда ай сайынғы жалақысына 30-дан 100 пайызға дейін қосымша үстемеақы алатын болады», - деп түсіндірді А. Аймағамбетов. Ведомство басшысының сөзінше, осы айдан бастап мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары жаңа жүйе бойынша тест тапсыра бастайды. Сынақ нәтижесі бойынша кей директорларды орнынан алу немесе басқа мектепке жіберу туралы шешім қабылдануы мүмкін. Ал аттестациядан сүрінбей өткендер үстемақы алып, өз жұмысын әрі қарай жалғастырмақ. Айта кетейік, бұған дейін Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің шамадан тыс есеп беру мәселесін түбегейлі шешетін бұйрықты егжей-тегжейлі түсіндірген. Министрдің айтуынша, бұдан былай мұғалімдер екі-ақ құжатты толтырады.