Өндіріс пен туризмді дамытуды тапсырды

Өндіріс пен туризмді дамытуды тапсырды

Өндіріс пен туризмді дамытуды тапсырды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Маң­ғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабыл­дады, – деп хабарлай­ды Президенттің баспасөз қыз­меті. Қазақстан Президентіне Маң­ғыс­тау облысының қоғамдық-саяси ахуалы мен әлеуметтік-экономикалық жағдайы, аймақ­тағы коронавирусқа қарсы күрес шаралары және Жаңаөзен қаласын кешенді дамыту жоспарының орындалу барысы жайында баян­далды. Серікбай Трұмов Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыс экономи­касын әртараптандыру,  өңдеу өнеркәсібі мен туризм, көлік-логистика бағыттарын дамыту, ауылшаруашылығы саласындағы шағын несиелеуді қолдау шаралары туралы айтты. Мемлекет басшысы өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақ­тылығын қамтамасыз ету, өндірісті дамыту мен аймаққа инвес­тиция тарту, туризм саласын­дағы жоба­ларды жүзеге асыру және коро­на­вирус індетіне қарсы күрес жөнінде бірқатар тапсырма берді.