28 Мамыр, 15:51 319 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

"Туристерден қорқамыз": Сочи тұрғындары қаланы жабуды талап етуде

Ресейдің Сочи қаласының тұрғындары жергілікті биліктің маусымның басында куроттық маусымды ашу туралы шешіміне қарсы шықты. Сочилықтардың пікірінше, коронавирус пандемиясы кезінде бұл дұрыс шешім емес, деп хабарлайды «Кавказский узел» басылымы.

«Біз сырттан келетіндерден қорқамыз. Демалушылар нөпірі қауіпті. Індеттің таралуы тоқтағанша қаланы жабу керек», — дейді басылымға пікір білдірген жергілікті тұрғындардың бірі.

Ал қаладағы рестораторлардың бірі қазіргідей күрделі ахуал кезінде туристік маусымды ашу ақылға сыймайтынын айтады. «Менің бизнесім құрдымға кетті. Бірақ онда ешкімнің жұмысы жоқ», — дейді ол.

Алайда Сочиға елдің басқа өңірлерінен тұрақты және уақытша туруға келгендер қаланы жабу биыл онсыз да көп игіліктен қағылған ресейліктерді қуанта қоймайтынын айтыпты.

27 мамырда ресейлік туристер пандемияға қарамастан жазда жаппай теңіз жағасында демалуды жоспарлап отырғаны туралы хабарланған. OneTwoTrip саяхат қызметі жүргізген зерттеуге сүйенсек, ең көп сұранысқа ие курорттық қалалар – Сочи мен Анапа. Сондай-ақ, Мәскеу, Санкт-Петербург, Краснодар мен Симферопольға барғысы келетіндердің қатары да аз емес екен.

Соңғы жаңалықтар